02
сентябрь
2025
"Менің Отаным - Қазақстан" сынып сағаттары
№98 ЖББМ КММ 1-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары "Менің Отаным - Қазақстан" атты тақырыпта өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік қабілеттерін арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, ата-анаға деген құрмет пен сыйластықтарын дамыту, үлкенге ізет, кішіге өнеге болу қарастырылған. Жалпы сынып сағатына 46 сынып қатысты. Сынып сағаттарының басында оқушылар ҚР ОА министрінің құттықтау сөзін тыңдады. Оқушылар үшін ҚР ән ұраны орындалып, жақсы көңіл күй сыйлады.Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың жеке қауіпсіздік мәселесі бойынша 10 минуттық сабақ өтті. "Көмек" бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарға "Құқықтық білім беру" тақырыптарында жоспарға сай заң нормалары бойынша сабақтар өтті.

