02
сентябрь
2024
1 қыркүйек - Білім күні!
1 қыркүйек-Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті.
Алматы қаласы, Медеу ауданы, №98 ЖББМ КММ 2024 жылдың 1 қыркүйек күні «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп ауласында сағат 9.00 – де басталды. Жиынға 1-сынып оқушылары, ата- аналары, ұстаздары қатысты.Салтанатты жиын барысында мұғалімдер мен АПБ қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Жиын алғашқы мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларын мектеп қабырғасында қарсы алудан басталды.
Салтанатты жиында мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.
Салтанатты іс-шара оқушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру, отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.


