17
апрель
2025
БалаFEST - 2025
Республикалық «БалаFEST» байқауының алғашқы аудандық кезеңі «Кітап – білім бұлағы» бағыты бойынша 3 жас ерекшелігімен үш түрлі номинацияда өткізілді. Бірінші кіші жас тобы - 1-4 сынып, "Кадрда оқу" (буктрейлер), екінші орта жас тобы - 5-8 сынып "Театр өнері арқылы - оқуға" және үшінші үлкен жас тобы – 9-11 сынып, "Поэтикалық баттл" бойынша оқушылары бақ сынады. Жалпы байқауға жас ерекшелігіне қарай ауданның барлық мектептерінен оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Төменгі сынып оқушылары өздерінің сүйікті кітаптары бойынша буктрейлер түсіріп, өз өнерлерімен елді тәнті етті. Сонымен қатар, театр қойылымдарыда ойдағыдай өтті деген ойдамыз. Жоғары сынып оқушылары үшін суырып салма ақындық өнерін ортаға салу, одан мыңнан бірі суырылып алға шықты. Тек Ұлттық құндылықтарға негізделген тақырыптар бойынша бақ сынап, жоғар деңгейде дайындықтарын көрсетті.

