"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр " атты кеші . » ОШ №98
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұқағали -мәңгілік ғұмыр " атты кеші .
09
февраль
2022

"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр " атты кеші .

М.Мақатаев "Оққулар ұйықтағанда"поэмасы 
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.