«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартыжылдық бойынша атқарған жұмысы 2019-2020 оқу жылы » ОШ №98
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартыжылдық бойынша атқарған жұмысы 2019-2020 оқу жылы
12
сентябрь
2019

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартыжылдық бойынша атқарған жұмысы 2019-2020 оқу жылы

 «Адал Ұрпақ»  ерікті  мектеп  клубының

І жартыжылдық бойынша атқарған жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша  1-11 сынып оқушылары арасынан 500 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

            Жүргізілген іс-шаралар:

  • Мектепте «Адал Ұрпақ» ақпараттық стендісі ілінді.
  • Мектептің акт залында «Адалдық-адамгершіліктің биік шыңы» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді.. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Булантаева А. оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбек сүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екенің айта өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
  • «Адал ұрпақ» ерікті клубының отырысында 2019-2020 оқу жылының жоспарымен танысу, нақтылау, клуб мүшелерін сайлау өтті.
    -Топ жетекшісі
    болып 9 «а»сыныбы Жұман Аружан сайланды.
     Секция жетекшілері:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының жетекшісі Сабырбек       Сымбат      9 «А» сынып оқушысы;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық    секциясының жетекшісі Тілепберген Аяжан 9 «А» сынып оқушысы;

-Мәдени көпшілік іс-шаралар секциясының жетекшісі Әбутәлі Махамбет 8      «б» сынып оқушысы тағайындалды.

  • Қыркүйек айының 10 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге байланысты мектеп ұжымын, оқушыларың, ата-аналарды ҚР Конституциясы,Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР3, нормативтік задармен таныстыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектеп педагогикалық ұжыммен жұмыс

  • Мектеп педагогикалық ұжымы сыбайлас жемқорлықа қарсы міндеттемелерімен, әдеп кодексімен таныстырылды.
  • Ай сайын құқықтық білімі жетілдіру мақсатында дәрістер өткізілді.
  • Мектеп жас мамандар арасында «Адал Ұстаз» сайысы ұйымдастырылды.

            Мектеп оқушыларымен жұмыс

  • «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Сарсенбек Ж.С ұйымдастыруымен қараша айының 10 күні «Қоғамда тәртіп негіздері» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді.Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу,айту ұсынылды. Оқушылар «Талапкер», «Заңгер» деп екі топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды.Мұғалім екі топқа құқық туралы жалпы түсінік беріліп, Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерінен бастады.Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер кіргізілген.Оқушыларға топ жетекшісі  Сарсенбек Ж. «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мағынасын толығырақ ашу туралы бірінші тапсырманы берді. «Талапкер» тобының мүшесі Еркинова Азиза шығып мүлдем төзбеушілік яғни, әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе,ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керектігі жайлы айтып өтті.Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады.Сондықтан да мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңызы зор.Құқық қорғау органдар халықпен кездесулер өткізіп,құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік »қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың назарына жеткізулері қажет,азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет деп «Заңгер» тобының мүшесі Оңғарбаева Аяулым атап өтті.
  • Тарих пәні мұғалімі Дамиев Д. 10-11 сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
  • 5-11 сынып оқушылар арасында «Жемқорлықа жол жоқ» тақырыбында сурет конкурсы өткізілді.
  • 9-11 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

 

Клуб жетекшісі: Сарсенбек Ж.С

 

Похожие публикации:

04 апрель 2017 мектеп дастурі
02 ноябрь 2016 Мектеп картасы