Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 Оқу жылы бойынша 11 сыныптың ҰБТ нәтижесі
23
январь
2025

2020-2021 Оқу жылы бойынша 11 сыныптың ҰБТ нәтижесі

2020-2021 Оқу жылы бойынша 11 сыныптың ҰБТ нәтижесі

2020-2021 Оқу жылы бойынша мамыр және маусым айларындағы 11 сыныптың ҰБТ орташа нәтижесі 72 балды құрады. Оның ішінде оқушылардың мамыр айында тапсырған ҰБТ нәтижесі 67 балды,   маусым айындағы тапсырған ҰБТ нәтижесі 68 балды құрады.

2021-2022 оқу жылында 11 сыныптардың ҰБТ нәтижесін жақсарту бойынша төмендегі іс-шараларды атқару қажет.

  1. Оқушыларды ҰБТ ға дайындаудың кешенді жоспарын жасау.
  2. Пәндер бойынша өткен тақырыптарға жүйелі түрде қайталау жасау.
  3. Пәндер бойынша игерілген тақырыптарды талдау, қайталау және қорытындылауға дағдыландыру.
  4. Оқушыларды таңдау пәндерінің дұрыстығын қамтамасыз ету.
  5. Оқушылардың білім деңгейін тест жұмыстары арқылы қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру ұсынылады.

Жоғарыда атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен бірнеше кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды маңызды.

  1. Оқушыларды қажетті оқу-жаттығу материалдарымен, оөыту бағдарламалары мен және қосымша көмекші құралдармен қамтамасыз ету.
  2. Оқушыларды дайындаудың негізі болатын инетрнет ресурстар мен білім беру порталдарын, ҚР БжҒМ ұсынған платформаларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру.
  3. Үміткерлерді ҰБТ ға дайындау үшін оқыту және психологиялық семинарлар, консультациялар және ата-аналар жиналыстарын өткізу қажет.
  4. Мектептен тыс қосымша дайындық курстарына қатысуларына мүмкіндік беру.
  5. ҰБТ-ға дайындықты сапасын арттыру мен жақсарту бойынша алынған нәтижелерге талдау мен мониторинг жүргізу қарастырылады.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін осы бағыттағы атқарылатын жұмыстар мектеп-оқушы-ата-ана деген ұстанымға негізделуі қажет. Біріншіден, мектеп оқушылардың ҰБТ-да жақсы нәтижеге қол жеткізулері үшін толық мүмкіндік пен жағдай жасайды. Сонымен қатар, ҰБТ рәсімдерімен, қажетті нормативті құжаттармен, емтихан тапсырмаларының деңгейлері мен және күрделілік деңгейлері жөнінде таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Екіншіден, оқушылар өздерінің болашақ мамандықтарын бағамдауда ҰБТ тапсырудың маңыздылығын түсінулері қажет. Үшіншіден, ата-аналар балаларын мектептен тыс уақытта ҰБТ-ға дайындауға барынша мән беріп, қолдау көрсету қажет деп санаймын.

2021-2022 оқу жылындағы болжамды орташа балл 75-80 құрайды.

Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының жазғы демалыста 2 г сынып оқушысы Жангелдіұлы Шапағат «Летний Эрудит» республикалық онлаин-викторинасына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сынып жетекшісі Токбаева Мира Турдыакыновна осы аталған іс-шараға оқушыны дайындап қатыстырғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.