01
сентябрь
2023
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында экономика мен қоғамды реформалаудың бес бағыты бойынша жарияланды. Соның ішінде ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ бойынша еліміздегі білім мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалаудың жаңа үлгісін ұсынады.
ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауында орта білім саласына қатысты нақты іс-шаралар мен жобаларды қолға алуды ұсынып отыр. Мысалы:
1. "Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды."
2. "Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады".
3. "Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн".
4. "Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет." - деп атап өтіп, нақты жұмыстар атқаруды тапсырды.