Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат » ОШ №98
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат
15
февраль
2024

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат

№98 ЖББМ КММ оқушылары ақпанның 15 күні Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат жасады. Мақсаты: Әбілхан Қастеевтің қолынан шыққан туындылар мен қазақ халқының ХХ ғасырдың 20-30 жылдар әрбір өңірлерде жасалған қол өнер туындылары мен танысу. Мұражайдағы өнер туындылар мен атақты суретші Ә.Қастеевтің қолынан шыққан туындылар мен қазақ халқының қол өнер туындыларына, оның ішінде киіз үй әбзелдері, сырмақ, текемет, түскиіз, кебеже, қыз жасауы, жаса отаудың жабдықтары мен ат әбзелдерін, ер-тұрман, күмістен жасалған жабдықтар, зергерлік бұйымдар, соның ішінде әйел адамдарға арналған керемет бұйымдарды тамашалады. Сонымен қатар, қазақ, орыс және XVIII-XIX ғасырдағы атақты суретшілердің туындылары мен танысты. Мұражайға қойылған мүсін кескіндемелер оқушылардың қатты қызығушылықтарын танытты. Алдағы уақытта оқушыларды мұндай мұражайларға жиі апарып көрсету  оқушылардың өнер мен мәдениет туралы түсініктерін қалыптастырып, қызығушылықтарын арттырады деп сенеміз.