Алматы қаласы Медеу ауданы №98 ЖББМ КММ бойынша 2023 жылдың қорытындысы » ОШ №98
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Медеу ауданы №98 ЖББМ КММ бойынша 2023 жылдың қорытындысы
25
декабрь
2023

Алматы қаласы Медеу ауданы №98 ЖББМ КММ бойынша 2023 жылдың қорытындысы

Алматы қаласы Медеу ауданы №98 ЖББМ КММ ойынша

2023 жылдың қорытындысы

2023 жылы мектебімізде айтарлықтай жаңалыққа толы болды. Жазғы каникул кезінде мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, төрт пәндік кабинет жарақтандырылды. Кабинеттер қазіргі заман талабына сай заманауи оқу құралдары: компьютерлер, принтерлер, парталар, шкаф, пәндік көрнекі-құралдар мен және стим панельдермен жарақтандырылды. Әрбір кабинет бойынша жауапты педагогтар тағайындалған.  Сонымен қатар, мектепте қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мектептің ішін және сыртын қамтыйтын жалпы аумағы бойынша 58 бақылау камералары мен жарақтандырылды. 

Мектебіміздің үздік оқушылары түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінді төменгі сыныптарға арналған: Республикалық «АҚ БОТА» олимпиадасына, Республикалық «Алтын Сақа» олимпиадасына, Республикалық «ЗЕРДЕ» ғылыми-жоба байқауынына, Республикалық «КЕНГУРУ» олимпиадасына, Республикалық «КЕНГУРУ-МАТЕМАТИКА» олимпиадасына, Республикалық «Дарын» олимпиадасына, Халықаралық  «Русский медвежонок » олимпиадасына, Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауына, «Каникулда кітап оқимын» байқауына, «Мағжан оқулары» бейне-байқауына, «Көркем жазу» байқауына, «Бояулар құпиясы» байқауына, «Дарынды шәкірт»  ғылыми-жоба байқауына, «Барыс»  математика олимпиадасына, «Бастау» олимпиадасына, Халықаралық «Совушка» олимпиадасына, Республикалық «Лучик в науке» интеллектуальдық конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

5-11 сыныптар бойынша оқушылар Республикалық көлемдегі байқауларға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Соның ішінде: Республикалық «5-6сынып оқушыларының» пәндік олимпиадасына, Республикалық «7-8 сынып оқушыларының» пәндік олимпиадасына, Республикалық «9-10-11» сынып оқушыларының  пәндік олимпиадасына, Республикалық «Әбіш оқулары» байқауына, Республикалық «Мағжан оқулары» байқауына, Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауына, Республикалық «Қадыр оқулары» байқауына, Республикалық «Ілияс оқулары» байқауына, Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауына, Республикалық «Абай әлемі» байқауына, Республикалық «Абай оқулары» байқауына, Республикалық «Зерде» ғылыми-жоба байқауына, Республикалық «Жарқын болаша» байқауына,  Халықаралық «Билогия» пәні байқауына,  «АЛМАТЫ БАLАFEST» байқауына, «Кенгру-Линивист» халықаралық ағылшын тілінен байқауына қатысып, оқушылар жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Осы байқаулардың арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауында мектебіміздің 11 а сыныбы оқушысы Ибинжан Жұлдыз аудандық және қалалық кезеңдерде жоғары дайындықпен республикаға жолдама алды. Жетекшісі Найманбаева Гүлбақыт Мошкаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 9 б сыныбы оқушысы Гук София Ташкент қаласында өткен "Nauryz fest" Халықаралық ән байқауының "Бас жүлде "иегері атанды. 2023-2024 жаңа оқу жылы басталғалы мектебіміздің ұстаздары да өз білімдерін шыңдап, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысты. Соның ішінде: «Алматы Ұстазы» байқауы, «Адал ұстаз» қалалық байқауы, «Үздік педагог» республикалық байқауы, «Педагогикалық технологиялар панорамасы» қалалық байқауы, Халықаралық «Педагогикалық дебют» байқауына қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жүлделі орындар және мақтау қағаздары мен марапатталды. оқушыларымыздың жетістіктері бойынша: Т.Айбергенов оқуларының байқауының «Барады кең дүние әнге айналып номинациясы және «Шын дос болсаң бір келіп сырласып кет номинациясы» бойынша, «Тәуелсіз ел ұранымын» қалалық байқауына, «Ғасырлар жырлайды» кітап оқу байқауы, Президенттік олимпиада мен «География» пәнінен Ұлттық олимпиадаға және «Балалар әлемі» жобасына, оқушылардың өзін-өзі басқару слетінің аудандық және қалалық кезеңіне қатысып,  оқушыларымыз бен ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, 9-11 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларымыз аудандық кезеңде бірінші орындарға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды. 

Қазіргі таңда мемлекетіміздің негізгі ұстанымдарының бірі салауатты өмір салтын ұстану қағидасына сәйкес оқушыларымыз біраз аудандық және қалалық жарыстарға қатысып, бақ сынасты. Мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің жетекшілігі мен өткен жарыстарда: Волейбол, Футбол, Ұлттық ойындар: асық ату, тоғызқұмалақ және шахмат ойындары бойынша турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осы жерде ерекше атап өтетін жайт, мектебіміздің 11 б сыныбы оқушысы Юлдашева Юлтуз Ушу-Саньда мен Кунг-Фу бойынша Қазақстан мен алыс жақын шет елдерде өткен турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Оқу-тәрбие үдерісінде мектебімізде біраз жұмыстар атқарылды деп толық сеніммен айтуға болады. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар, маңызы зор іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде: Ұлттық, халықаралық, республикалық, қалалық мерекелер мектебімізде тұрақты түрде аталып өтіледі. Сынып жетекшілерінің қатысуы мен ұйымдастырылып отыратын тәрбие сағаттары мен мерекелік концерттер: Республика күніне арналған мектеп оқушыларның концерті, мұғалімдер күніне арналған концерт; Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары мен апта сайын өткізілетін сынып сағаттарының оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор деп айтуға болады. Ай сайын республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі акциялар мен букросингтар, челендждер ұйымдастырылып отырылады. Алғаш рет «Соңғы қоңырау» салтанатты щарасының қарсаңында мектебімізде үздіктер слеты ұйымдастырылып, атап өткізілді. Жыл бойына 1-11 сынып оқушыларының арасында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ерекше мән беріліп, құрмет көрсетілді. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен тәртібін қадағалау мақсатында мектеп инспекторы 5-11 сынып оқушылары арасында «Әкімшілік кодекстің» жекелеген баптары бойынша лекциялар оқып, оның алдын-алу шараларын жүргізуге түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп отырды. Нашақорлықтың алдын-алу бойынша қалалық наркологиялық орталықтың дәрігері Трубникова А.В. оқушлыарға салдары мен зардапары туралы дәріс оқып, тұсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік жобалар аясында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың оқушылары көмек алып тұрады. Соның ішінде: 80 оқушы мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тегін тамақтану аясында 58 оқушы жыл басынан беру ыстық тамақпен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп келе жатыр. Мектеп тарапынан 1 оқушыға және аудандық әкімдік тарапынан 20 оқушыға 50 мың тг сертификаттар, оқу құралдары мен канцелярлық тауарлар берілді. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне мектебіміздің 20 оқушысы жазғы каникул кезінде демалып қайтты. Республикалық «Балдәурен» жыл бойынғы сауықтыру лагерьіне 5 оқушы барып демалып келді. Бұдан әрі әлеуметтік көмек оқушыларға тұрақты түрде көрсетіледі деп сенеміз.