Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты. » ОШ №98
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты.
18
февраль
2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты.

– Аталған реформаларды жүзеге асыру үшін қанша уақыт керек?

– Реформалардың мәні адамдарды өзгерту емес. Реформалар, ең алдымен, жүйені өзгерту немесе жүйенің кемшіліктерін түзетіп, оның қызметіне түбегейлі өзгерістер енгізу деген сөз. Алда болатын кейбір оқиғаларға болжам жасай отырып, еліміздегі парламент пен партия жүйесін реформалау жөнінде ойларым бар. Мемлекет басшысы ретінде бұл туралы 28 қаңтарда өткен партияның съезінде айттым. Президент қоғамдық-партиялық және саяси құрылымдардың бәрінен біршама жоғары тұруға тиіс деп санаймын. Әртүрлі қоғамдық-саяси күштерді мемлекетіміздің мүддесіне жұмылдыра білуім керек.