Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәжірибені тарату Г.Найманбаева
17
апрель
2025

Тәжірибені тарату Г.Найманбаева

Хаттама
Вебинардың тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері»
Өткізілген күні: 27 наурыз 2025 жыл
Өткізілген уақыты: 15:00
Өткізілген орны: Онлайн , ZOOM платформасы
Вебинарға қатысушылар:
Медеу ауданы №98 ЖББМ - Найманбаева Гульбакыт Мошкаевна 
Медеу ауданы №98 ЖББМ - Турлыкожаева Г.Б

Вебинар мазмұны : Вебинарда авторлық дидактикалық материалдар бойынша мұғалімдердің тәжірибелерін тарату мәселесі айтылды. Вебинарға қатысушы мұғалімдер әркім өз мектептеріндегі интреактивті әдіс-тәсілдерімен жаңа технологияны сабақ барысында ұтымды пайдалану туралы ой бөлісті. Дидактикалық әдістемелік материалдардың тиімді екені айтылды.
Білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының  жай-күйі талданды .
   Қатысушылардың пікірлері : Вебинар аяқталған соң  қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді Мұғалімдерге жаңа әдіс-тәсілдермен көп жұмыс істеуі туралы айтылды. Қазіргі дамыған заманда неше түрлі платформаны қолдану туралы да ұсыныстар білдірді. Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді әр ұстаз өз сабағында тиімді пайдалану туралы пікірлерін айтты.
 Қорытынды:  Интерактивті әдістерді және АКТ- ны қолдана отырып ,қазақ тілі сабағын жүйелі өткізу оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерін   ойдағыдай шешеді деген түйін жасауға мүмкіндік берді. Сонымен бастауыш сынып оқушыларын оқытуда интерактивті әдістерді тиімді қолдану жолдары ғылыми- теориялық және педагогикалық тұрғыдан айқындалып , негізделді.Берілген ұсыныстар бастауыш сыныптардың оқу үрдісінде тәжірибеден өткізіп қолдау тапты.