Хабарландыру
Хабарландыру
1. «№98 жалпы білім беретін мектеп» КММ-ніңиәкімшілігі бос лауазымға конкурс жариялайды:
- орыс сыныптарындағы 2 математика пәнінің мұғалімі (2 жүктеме – 24 сағат);
- орыс сыныптарындағы 2 бастауыш сынып мұғалімі (1,0 жүктемеден – 16 сағат);
- орыс сыныптарындағы география пәнінің мұғалімі (0,5 жүктеме – 8 сағат).
2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулінде ҰБДҚ базасында жүргізіледі. Модуль https://hr-nobd.edu.kz ссылкасы бойынша қолжетімді.
Мекен жайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Татибекова көшесі, 89 үй, т.243-50-17, эл. адресі: 98@alschool.kz