1 сыныпқа қабылдау туралы хабарландыру
Хабарландыру
2025 жылдың 1 - сәуір мен 31 тамыз аралығында 2025-2026 оқу жылына 1 - сыныпқа құжаттар
қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
Мектепке құжаттар электрондық үкіметтің https://egov.kz/ веб-порталы арқылы тапсыра алады. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.
Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (құжаттың түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет) немесе цифрлық қызметінен алынған электрондық құжат;
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар);
- 3х4 көлеміндегі 2 дана фото.
- Баланың денсаулығына байланысты құжаттар: Профилактикалық егу картасы (№065-/У) немесе (№063-/У);
- «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у және (026-/У);
// Сондай-ақ, ҚР ДСМ АЖ медициналық анықтамалар туралы ақпарат пайда болуы үшін, ағымдағы жылдың 1-сәуіріне дейін медициналық тексеруден өту қажеттігін хабарлаймыз.
6. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық-комиссияның қорытындысын ұсынуы керек;
7. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар олардың мәртебесін айқындайтын құжаттардың бірін ұсынуы қажет:
Шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (Вид на жительство);
Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
- Егер бала қорғаншылықта болса, өтінішке баланың туу туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі қоса берілуі тиіс.
Қызметті онлайн режимде www.egov.kz “электронды үкімет” веб-порталында алу үшін:
Белгіленген нысандағы өтініш:
- 3х4 көлеміндегі фото;
- Профилактикалық егу картасы (№065-/У) немесе (№063-/У);
- «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у және (026-/У);
www.egov.kz “электронды үкімет” веб-порталында қызметті онлайн режимде алу алгоритмі
1 қадам | Ата-анаға электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет |
2 қадам | https://egov.kz порталын ашу |
3 қадам | egov.kz порталында «БІЛІМ» бөліміне кіру |
4 қадам | «БІЛІМ» бөлімінен «Орта білім» бөлімшесін таңдау |
5 қадам | «1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау |
6 қадам | «Онлайн сұрау» батырмасын басу |
7 қадам | Жеке ЭЦҚ арқылы жеке кабинетке кіру |
8 қадам | Тізбеге сәйкес құжаттарды орналастыру |
9 қадам | Құжаттарды орналастырғаннан кейін қызметке ЭЦҚ қою |
10 қадам: | Құжаттарды қарауға қабылдау туралы хабарлама алу |
11 қадам | Бір жұмыс күні ішінде сіздің жеке кабинетіңізге балаңызды мектепке қабылдау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі |
Интернет желісі арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте компьютермен жабдықталған
“Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” ұйымдастырылған /өзімен бірге ЭЦҚ болу керек/.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма аралығы.
Жұмыс уақыты: 09:00 - 17:00
Жұмыс телефоны: 243-50-17
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Тәтібеков көшесі, 89