Тәуелсіздік күніне орай ұстаздар марапатталды
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Еліміздің жарқын болашағын тәрбиелеп отырған ардақты ұстаздарымызды ұлықтау – үлкен мәртебе. Тәуелсіздік қарсаңында өткен бұл салтанатты жиында білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға алғыс білдірілді. Сіздердің әрбір сабағыңыз, әрбір шәкіртке берген біліміңіз – тәуелсіз елдің ертеңіне қосқан өлшеусіз үлес. Еңбектеріңіз жана берсін, мәртебелеріңіз әрдайым биік болсын! 🎉 Тәуелсіздік күні құтты болсын!