Алматы қаласы
білім басқармасының
"№98 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-50-17
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-50-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұстаздық — ұлы мұра!
06
октябрь
2025

Ұстаздық — ұлы мұра!

Ұстаздық — ұлы мұра
Усабаева Айгүл Ыбырайқызы және оның ұстаздар әулеті
Усабаева Айгүл Ыбырайқызы – тәжірибелі ұстаз, ұлағатты ана, бірнеше буын шәкіртке білім берген жан.
🗓 1965 жылдың 29 наурызында дүниеге келген.
🎓 Екі жоғары білімі бар:
Алғашқысы — инженер педагог
Екіншісі — Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің «Білім бакалавры» мамандығы
👩‍🏫 30 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық етіп келеді.Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы №98 жалпы білім беретін орта мектепте қызмет етеді.
Айгүл Ыбырайқызы – сабырлы мінезі мен кәсіби шеберлігі арқылы әріптестер мен ата-аналардың, шәкірттердің құрметіне бөленген білікті маман.
Усабаев Ыбырай Үшкеұлы 1921 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген.
🪖 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, гвардия аға сержанты, 120 мм миномет командирі болды.
Литва жерін азат ету кезінде 2 жау пулеметін, 15-тен астам жау сарбазын жойып, батырлық танытты.
Комсорг ретінде 22 комсомолды тәрбиеледі.
🎖 Марапаттары:
2 «Қызыл Жұлдыз» ордені
2 «Даңқ» ордені (III дәрежелі)
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі
🎓 Соғыстан кейін Каспий институтын бітіріп:
Қазақстан тарихының мұғалімі
Мектеп директоры
Аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
🕯 1967 жылдың маусымында дүниеден өтті.Айгүл Ыбырайқызы үшін ол – батыр әке, ұлағатты тұлға.
Қарамолдаева Әжікен - Айгүл Ыбырайқызының анасы
Карамолдаева Ажикен – ел құрметіне бөленген, өмірін бала тәрбиесіне арнаған шын жүректі ұстаз.
👩‍🏫 50 жылдан астам уақыт бойы Нарынқол орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті.
🎖 «Заслуженный учитель» атағына ие,Жоғары санатты педагог.
Шәкірттерінің сауатын ашып қана қоймай, жүректеріне мейірім мен тәртіптің нұрын сіңірген ерекше жан. Оның білім жолындағы табандылығы – отбасының әрі бүкіл ауылдың мақтанышы.
Усабаева Жамал Ыбырайқызы — техникалық және кәсіптік білім беру саласының білікті маманы.
👩‍🏫 1985–2015 жылдар аралығында (30 жыл)Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Шәкірттерін еңбекке баулыған, өз ісіне адал ұстаз. Қарапайымдылығы, білімге деген ықыласы – әріптестері мен оқушылары үшін үлгі болды.
Нұрдын Ақжан Төлегенқызы – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін дефектолог-логопед маманы.
🎓 2011–2014 жж.Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде «Дефектология» мамандығын тәмамдады.
👩‍⚕️ 2015 жылдан бастап:
Түзету кабинеттерінде
Жеке балабақшада
Жалпы білім беретін мектептерде
ПМПК мекемелеріндедефектолог-логопед ретінде қызмет етіп келеді.
Ақжан – ерекше балаларға көмек беріп, олардың дамуына қолдау көрсететін ізгі жүректі педагог.
👶 Қазіргі уақытта декреттік демалыста.Ақжан – екі қыздың мейірімді анасы,отбасына адал, жақсы жар,ұлттық құндылықтарды қадір тұтатын салт-дәстүрге берік қазақ келіні.
🏡